Сіз осынын табыласыз: НЕГІЗГІ / ӨНІМ / Zepter Home Art / Masterpiece ыдыс-аяғы / Табалар
Шрифт өлшемі | A | A | A

ТАБАЛАР


Сковорода - URA
Артикул: Z-FP2016-S
Таба - URA
Артикул: Z-FP2016-SC
Таба - URA
Артикул: Z-FP2425-S
Таба - URA
Артикул: Z-FP2425-SC
Таба - URA
Артикул: Z-FP2838-LS
Таба - URA
Артикул: Z-FP2838-LSC

Қуырылған дәмді тағам дайындауға арналған ең үздік таңдау.

Тамаша қуырылған тағам дайындау үшін арнайы жасап шығарылған. Zepter ыдысында дайындалған тағамдар тек дәмдә және тәбетті ашатын ғана емес, сонымен қатар денсаулық үшін де пайдалы. Zepter табалары жоғары сапалы, тат баспайтын болаттан жасалған және сапаның жоғары стандарттарына жауап береді, сондай-ақ денсаулық кепілі болып табылады, бұл Zepter-ден шыққан Masterpiece топтамасының барлық асүйлік ыдыс-аяғына тән.
 

ӨНІМНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Үш таба жоғары сапалы тот баспайтын болаттан жасалған:
бұзылуға ұшырамайды, тот басу әсеріне төзімді, дәмдік сапасын және өнімдердің иісін өзгертпейді.
Оның үстіне, айна тәріздес бөлігі тамаша гигиеналық жоғары бетті қамтамасыз етеді, оны оңай жууға болады, ал онда орналасқан кіші пирамидалары бар ішкі жоғары беті өнімдердің ешқашан табаға жабысып қалмайтынына кепілдік береді.

ӨНІМНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Zepter ыдыс-аяғының кез келген басқа ыдыс-аяқтан анағұрлым маңызды ерекшелігі – бұл тез қызатын едәуір жұқа жылу шоғырландырушы табаны. Бұл ерекшелік табаның пайдалану сапасын жақсартады. Zepter-ыдыс-аяқпен индукциялық қызуы бар заманауи пештерде де дайындауға болады. Бұдан бөлек, айна тәріздес әшекейленуі тамаша тегіс сыртқы бетін қамтамасыз етеді, оны жуу да оңай, ал пирамида тәріздес ішкі қабаты тағамды күйіп кетуден қорғайды. Үш әртүрлі өлшемі бар, қақпағымен немесе қақпақсыз табалар бар.
 
 



Zepter табасы


SPECIAL

URA ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Керемет беріктікті құру


ЖАҢА ЭРАНЫҢ БАСТАЛУЫ!

Тағы да Zepter компаниясы жаңа технологияларды зерттеуде және әзірлеуде басқа өндірушілерден көш ілгері келе жатыр, ол Сіздерге толық қауіпсіз күюге қарсы жабынды ұсынатын, тиімді және ұзақ мерзімді шешімді тапты — бұл URA технологиясы.

ПТФЭ қауіптілігі (политетрафторэтилен):
  • Денсаулыққа зиян
  • Жабыны асүйлік аспаптармен оңай зақымданады (әсіресе тот баспайтын болаттан)
  • Жабыны бар болғаны бірнеше пайдалануға шыдайды және көп уақыт өтпей-ақ пайдаға жарамай қалады. 

Бұл технологияның арқасында Сіздің тағамыңыз ыдысқа жабысып қалмайтын, Zepter-де жасалған URA күюге қарсы жабын технологиясының көптеген басымдықтары бар:
  • Сіздің денсаулыққа қауіп төндірмейді
  • Тағам дайындау кезіндегі үздік нәтижелер
  • Ыдыс-аяқ Сізге өмір бойы қызмет ететін болады, өйткені оған зақым тигізу мүмкін емес.
  • Күюге қарсы қасиеттері ыдыс-аяқтың бір бөлігі болып табылады
  • Ұзақтығы
  • Қауіпсіздік
  • Ыдыс-аяқтың жоғарғы бетіндегі химиялық жабынның болмауы
  • Сызаттарға төзімділігі (кез келген аспапты пайдалануға болады)
  • Тот басуға жақсы төзімділік

Zepter-де жасалған Masterpiece топтамасының асүй ыдыс-аяғы қазіргісінен де анағұрлым технологиялыө жетілдірілген бола ала ма? Жауап — Иә. Тауарлардың технологиялық инновациясы мен дизайны саласындағы көшбасшы Zepter International ең жаңа әзірлемені ұсынады. Енді Zepter International компаниясынан тағы да бір ЖАҢА ЗАТ.

Өзіңіз үшін URA технологиясын ашыңыз

Жаңа күюге қарсы технология тамаша нәтижелер көрсетуде және СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА МҮЛДЕМ ЗИЯН КЕЛТІРМЕЙДІ!
Zepter International-мен бірге Сіздің асүйіңізден инновациялы және тамаша боп көрінетін, тот баспайтын болаттан жасалған нағыз біртума заттар орын алатын болады.

Революциялық жаңалық

Осы уақытқа дейін күюге қарсы ыдыс-аяқты жасап шығару үшін пайдаланылатын барлық материалдар ПТФЭ — политетрафторэтилен химиялық қосындысының негізінде жасап шығарылатын. Бұл қосылыс тағамның күюден қорғалуын қамтамасыз ететін жабынды жасау кезінде пайдаланылды. Күюге қарсы технология ыдыс-аяқ жасап шығарудағы революция деп аталды, ал күюге қарсы жабыны бар кастрюлдер мен табалар күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. Күйіп кеткен тағам мен бүлінген ыдыс-аяқ өткен шақта қалғандай болды, ал керемет аспаздық нәтижелер әдеттегі жайт бола бастады.

Бірақ, осы үшін қаншалықты тер төгілді?

Жақын арада өткізілген зерттеулер бұл жабындар сіздің денсаулыққа тағам дайындау кезінде де, ас қабылдау кезінде де ұауіп төндіретінін растап берді. Кейбір ғалымдардың айтуынша, ПТФЭ денсаулық үшін күрделі проблемалар, соның ішінде улану мен қатерлі ісік ауруын да тудыруы мүмкін!

КҮЮГЕ ҚАРСЫ ТЕХНОЛГИЯДАҒЫ БЕТБҰРЫС

URA ЕҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Қалай жұмыс істейді?

URA технологиясы таба табанының жоғарғы бетінде хромның (Cr) шоғырлдануын арттырады. AISI 304 тот баспайтын болат құрамында хром (Cr) мен никель (Ni) көп болаттың қоспасынан жасалатыны белгілі. Нақты айтқанда, 10% хром мен 18% никель (шын мәнінде ол 18/10 тот баспайтын болат ретінде анықталады). URA технологиясын қолдану кезінде жоғарғы беттің алғашқы 0,5-1 микронында хром мөлшері екі есеге артады, бұл оған күюге қарсы қасиеттерді береді.

Қалай жасалған? URA технологиясы жоғарғы бет құрылымын атом деңгейінде өзгертеді

DIN 8590 халықаралық стандартына сәйкес, URA технологиясы жоғарғы бетті тегістеу процесі болып табылады, ол электр тоғы арқылы материалдың жұқа қабатын алады. Жалпылай айтқанда, оны гальваникалық жабынға қарама-қайшылық деп атауға болады. Өңделетін зат анод ретіндегі электролит ерітіндісіне салынады, ол жерде электр тоғы жоғарғы беттің бір бөлігін алады (әдетте 0,5 — 1 микрон), оны тегістейді, тот басуға қарсы қасиетін күшейтеді және күюге қарсы қасиеттер береді. Тегістеп жылтырату кристал арасына енусіз, материалдың жоғарғы бетіне механикалық, химиялық немесе жылу әсерінсіз орын алады. Хром атомдары темір мен никелдің атомдарына қарағанда кристалдық құрамда анағұрлым төзімді – осының арқасында URA технологиялық процесінен кейін жоғарғы бетте тот басуға төзімді хром оксидінің үлдірі қалады.

URA технологиясы мынадай қасиеттерге ие:
  • Төзімділік
  • Микро қосылулардың болмауы
  • Тот басуға төзімділік
  • Жабын жұқарып кетпейді
  • Тез жуылады
  • Үйкесу коэффициенті төмен
  • Айна тәріздес тартымды сырт пішіні 

URA технологиясымен бірге Сіз күйіп кеткен тағамның не екенін ұмытатын боласыз!

Қолға сезілетін сәл майлы жоғарғы беті

URA технологиясы бойынша орындалған жоғарғы беті сезінуге тегіс, сәл майлы, бұл оған күюге қарсы қасиеттерді береді. Ол тағам дайындау сапасын жақсарта отырып және ыдыс-аяқты бүлдірмей ыдыс-аяқты тағамның күюінен тиімді қорғайды.

Жаңа форма мен дизайн

Жетілдірілген формалары мен дизайнының арқасында табалар май мен май өнімдерін пайдаланбай-ақ тағамды қуыруға мүмкіндік бере отырып, неғұрлым тиімді болып табылады. Ал ыдыстың ұлғайтылған формасы Сізге Zepter-дің ең үздік дәстүрлерімен күйіп кетпеген, пайдалы тағамды көбірек дайындауға мүмкіндік береді.

Химиялық жабыны жоқ ыдыста тағам дайындаудан рахат алыңыз!

Бұл жаңа революциялық жаңалықты сынақтан өткізіп көріңіз және азық-түліктер күйіп кетеді деп қауіптенбей, Zepter-де жасалған тот баспайтын болат ыдыста пайдалы тағамды рахаттана отырып дайындаңыз. Тек қана байқап көріңіз және дәмді тағамдар жасау және бұдан кейін ыдыс-аяқ жуу қаншалықты оңай екеніне көзіңіз жетеді!
 










 Тамаша нәтижелер көрсетіп жатқан толығымен қауіпсіз, ұзақмерзімді, күюге қарсы жабын — URA технологиясы




















Жаңа, күюге қарсы технология тамаша нәтижелер көрсетуде және СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА МҮЛДЕМ ЗИЯН ТИГІЗБЕЙДІ!




















URA технологиясы – бұл таба табанының жоғарғы бетіндегі хром шоғырлануын арттыратын химиялық процесс.





















URA технологиясы бойынша өңделген жоғарғы бет қолмен ұстағанда тегіс, сәл майлы сияқты, бұл оған күюге қарсы қасиеттерді береді.