Сіз осынын табыласыз: НЕГІЗГІ / ӨНІМ / Zepter Home Art / Masterpiece ыдыс-аяғы / Mixsy миксері
Шрифт өлшемі | A | A | A

МИКСЕР MIXSY®

Артикул: VO-022-K
 
MIXSY
 

Көп функционалды миксер

Сіздің көп функционалды асүй миксеріңіз әрқашан қалыпты қызмет етеді!
  • Ыңғайлы және жеңіл
  • Көп функционалды
  • Қуатты және тез
  • Бірнеше қондырма
  • Эргономиялы
  • Пайдалануда және күтіп ұстауда қарапайым
Сіз оны қосылған жанарғыда тұрған кастрюльде тікелей пайдалана аласыз!

Mixsy – ақша мен күшті үнемдейтін асүйдегі сіздің серіктесіңіз:
  • үнемді
  • тез
  • кішкентай
  • үнсіз

mixSy® – бұл кешенді құрылғы, мыналардан тұрады:
  • Mixsy аспабы
  • Қондырмалар жиынтығы:
    • минсер
    • көпсіткіш
    • венчик
    • етке арналған пышақ
  • процессор диірмені
  • көпсітуге арналған ыдыстар
  • барлық құрамдас бөліктерді сақтауға арналған қолайлы демеуіш.
 

 

MIXSY – көп функционалды миксер
 

Минсер

  • Шикі жемістер мен көкөністерді майдалайды
  • Көкөністерден езбе және балалар тамағын жасайды
  • Қою азық-түлікті араластырады, жемістер мен жидектерден шырын сығады
  • Мұз кубиктерін үгеді

mixSy® арқасында тағам дайындау бұрынғыға қарағанда тезірек және оңайырақ бола бастады! Минсердің көмегімен көкөністерді кубикпен турай аласыз, лезде тұздық немесе балалар тағамын дайындай аласыз. mixSy® -ді тіпті қосылған жанарғыда тұрған кастрюльде тікелей пайдалануға болады. салатқа, фраппеге және джемге көкөністерді немесе жемісті тураңыз. Десерттер, печенье және бәліш пісіріңіз – енді бұл бұрынғыдан да оңай. Қамыр біртекті және мұқият иленген болады. Минсердің функционалдылығы соншалықты, ол кез кезген міндетті қиналмай жеңе алады .
 
 

Минсер
 

Көпсіткіш

  • Сүт және жеміс шырындарын гомогендейді
  • Тұздықтарды араластырады
  • Кілегей мен жұмыртқаның ақуызын көпсітеді

Тағы бір қолайлы көп функционалды mixSy® қондырғысы – бұл көпсіткіш. Ақ тұздықтың немесе Сізге қажет болуы мүмкін кез келген басқа тұздықтың қалай оңай дайындалатынын сіз тез түсінесіз. Бірнеше секунд ішінде сіз таңқаларлық десерт дайындайсыз және дәмді тирамису, забайоне, пісірілген креммен және өзіңіздің аспаздық біртумаңызбен достарыңызды таңқалдырасыз. Көпсіткіш ақуызды, суфлені және сүт коктейльдерін көпсіту үшін дөп келеді. Ол сондай-ақ сүтті жұмсақ көбікке айналдырады, ол сіздің жақсы көретін ингредиенттеріңізбен үйлесіп көпсітілген кілегейді оңай алмастырады.
 
 
Көпсіткіш
 

Венчик

  • Майонез дайындау
  • Картоп езбесі
  • Коктейльдер, шейкалар және мұз қосылған сусындар
  • Кілегейді және косметиканы эмульгілейді

Майонезді дайындаудың қарапайым тәсілі! Венчиктің, тағы бір көп функционалды mixSy® қондырғысының арқасында сіз бас аспазшы жасаған майонезден кем емес, тамаша майонез жасай аласыз. Венчикпен қою тұздықтар мен кілегейлерді көпсітуге, картоп және көкөніс езбесін, салатқа арналған тұздық, сондай-ақ омлеттер мен құймақтар дайындауға болады. Коктейлдер мен фраппені тез және қолайлы дайындауға болады, сондай-ақ мұзды енді тез және ыңғайлы майдалауға болады. Табиғи косметиканың әуесқойлары венчикті тіпті үйде сұлулық құралдарын жасау үшін пайдалана алады. Ингредиенттерді таңдап алыңыз да, бетке арналған маска не крем – тіпті тіс пастасын алу үшін оларды венчикпен араластырыңыз.
 
 
Венчик
 
 

Процессор

  • Жармаларды, жаңғақтарды, кофе дәндерін және қантты ұнтақтайды
  • Ірімшікті үгеді
  • Шөптер мен асқатықтарды майдалайды

Процессор ірімшікті үгуге, кептірілген нан ұнтағы дайындауға және кез келген тағамды дайындау үшін қажетті шөптер мен асқатықтарды майдалауға мүмкіндік береді. Бадам, фундук, қант, шоколад және көптеген басқа нәрселерді майда ұнтаққа немесе тіпті опаға айналдыруға болады және онымен әр түрлі тәсілдермен десертті безендіруге болады. ел егер сіз жақсы кофені бағалаушы болсаңыз, онда сіз кофе дәндерін өзіңіз ұнтақтай аласыз және сіздің үйіңізді нағыз кофенің жұпар иісімен толтыра аласыз.

ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

 230 - 240 В, ауыспалы ток кезеңі 50
 170 Вт
 11 000/16 000 айн/мин
 Қос оплетка
 EN 61000-3-3:1995
 Импульсті байланысы бар қаіпсіз ауыстырып-қосқыш
 33 см
 925 г
 Шиыршық тәрізді сым, 1,5 м
 Аспаптың барлық құрамдас бөліктері бейтарап иісі мен дәмі
 бар тот баспайтын тағам материалдарынан жасалған

 
 
Диірмен-процессор


MIXSY шайқау
 

Басына
 

АСПАПТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

mixSy® аспабы

mixSy® екі жылдамдықта жұмыс істейді:
  • жылдамдық 1 – 10 000/12 000 айн/мин
  • жылдамдық 2 – 15 000/17 000 айн/мин
Көп айналым саны анағұрлым тез және мұқият майдалау үшін қызмет етеді. Тағамның ірі кесектерін майдалауды төмен жылдамдықта бастап, жоғары жылдамдықпен аяқтауыңызды ұсынамыз.
mixSy өсі тот баспайтын болаттын жасалған, бұл аспапты жылы тағам толтырылған ыдыс-аяқта пайдалануға мүмкіндік береді. Көкөністері тікелей кастрюльде майдаланған жаңа пісірілген көкөніс көжесінің тамаша дәмін елестетіңізші.

 
 



mixSy аспабы
 

Диірмен-процессор

Диірмен-процессор өзінің жүздерімен барлығын майдалайды және жоғары айналу жылдамдығымен ерекшеленеді..
Ол жоғары сапалы материал – ацетаттан жасалған. Ацетат полипропиленнен 6 есе қымбат және плстиктің басқа түрлеріне қарағанда анағұрлым сенімдірек және қауіпсіз.
Мұндай құрылғылар әдетте полипропиленнен жасап шығарылады.
 
 
Процессор және диірмен
 

Ыдыс

Көп функционалды ыдыс (поликарбонаттан жасалған) азық-түлікті майдалау және сақтау, 150 градусқа дейінгі температурада қысқатолқынды пеште жылыту үшін арналған. Контейнерді сұйықтыққа арналған өлшеуіш стақан ретінде пайдалануға болады. Контейнерде туралған азық-түлікті қақпақпен жауып, тоңазытқышқа қоюға болады.
 
 
Көпсітуге арналған ыдыс
 

Жүздер жиынтығы

Жиынтыққа кішігірім өлшемді, бірақ мүмкіндіктері көп 4 қондырма кіреді. Жүздері алмалы-салмалы (оларды ауыстыруға болады).
Бірнеше жүзі бар минсер шикі және пісірілген жемістер мен көкөністерді, етті және т.б. кеседі/майдалайды.
тесілген беті бар көпсіткіш құймақ қамырын, омлеттерді, майонезді және қою кілегейлерді көпсіту үшін ыңғайлы.
Дөңгелек қондырма (венчик) крем тәрізді азық-түліктерді көпсіту үшін қолданылады.
Екі жүзі бар еткен арналған пышақ етті, қатты көкөністерді, кофені және т.б. майдалауға арналған.
 
 
Жүздер жиынтығы
 

АСПАПТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Құрылғының қарапайым, бірақ әртүрлі қондырмалары мен мінсіз сапасының керемет үйлесімі кең пайдалану мүмкіндіктерін – оның иегері үшін артықшылықтарын ашады:
  • mixSy® әртүрлі ыдыстармен бірге пайдалануға болады – металл қалпақ зақымданудан қорғайды
  • үнемді – бір құрылғы басқа бірнешесін алмастырады.
  • Энергия тұтыну төмен.
  • Жоғары жұмыс жылдамдығы – тағам дайындау уақытын қысқартады.
  • Төмен шуыл деңгейі – үнсіз және тиімді көмекші.
  • Сақтау үшін кішкентай және ыңғайлы.
  • Тамаша сапа, заманауи дизайн.
  • Zepter аспаптың ұзақ уақыт бойы үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік береді.
  • Күтіп ұстау оңай.
  • Отбасы үшін де, дербес өмір сүруді қалайтын адамдар үшін де бірдей пайдалы.
  • Тамаша сапа – барлық бөлшектер жоғары сапалы экологиялы материалдардан жасалған.

 
 
mixSy-ді әртүрлі ыдыстармен пайдалануға болады – металл қалпақ зақымданудан қорғайды