Сіз осынын табыласыз: НЕГІЗГІ / ӨНІМ / Zepter Home Art / Masterpiece ыдыс-аяғы / Syncro-Clik (Синхро-Клик) қақпағы және Буда ас әзірлеу жүйесі / Буда дайындау жүйесі
Шрифт өлшемі | A | A | A

БУМЕН ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ЖҮЙЕ

Артикул: Z-420-18

Буда дайындау жүйесі


Бумен дайындау және қысыммен дайындау енді бірге

  • Тез және қарапайым
  • бірнеше тағамды бір уақытта дайындау
  • тамаша
  • азық-түліктің табиғи дәмін күшейтеді
  • азық-түліктің құнарлы қасиеттерін сақтайды
  • өте дәмді
  • бір жүйеде қос пайда
  • уақыт пен энергияны үнемдеу 
     

Бумен дайындау жүйесі енді мұнда

БУМЕН ДАЙЫНДАУ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚЫСЫММЕН ДАЙЫНДАУ ЫҢҒАЙЛЫЛЫҒЫ ЕНДІ БІРГЕ

Пайдалы ас дайындау жүйесін жасап, Zepter компаниясы сіздерге жаңа технологияларды тағы да ұсынады. Бумен дайындау Жүйесінің арқасында Zepter-ден Masterpiece*топтамасы ыдыс-аяғыңыздың артықшылықтарын екі есе арттыра аласыз, оны қысыммен бумен дайындау үшін арналған ыдыс-аяққа айналдыру арқылы!

Ғажап үйлесім

Бұл әдемі және берік болат кәрзеңкелердің ғажайып жұбы сіздің аспаздық әдеттеріңізді мүлдем өзгерте алады және сіз үшін ас дайындау қуанышын қайта ашады. Сіз дәмді және пайдалы тамақты тезірек дайындайтын боласыз!

Екі үдерістің – бу мен қысымның үйлесім арқасында – бумен дайындау жүйесі:
  • Уақытты үнемдейді – қысыммен дайындау технологиясымен дайындау уақытын 80%-ға дейін қысқарту мүмкін.
  • Азық-түліктің пайдалы қасиеттері мен дәмін сақтайды – бу дайындалып жатқан тағамның нәрлі заттарын сақтайды.
  • Энергияны үнемдейді – сіз бірнеше тағамды бір уақытта дайындай аласыз, ал қысыммен дайындаудың арқасында дайындау уақыты және энергияны тұтыну қысқарады.
  • Бумен дайындау жүйесін ыдыс-аяқ жуатын машинада жууға болады. Арнайы алынатын тұтқалар асүй шкафында сақтау ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
  • Сіздің үйіңізді өткір иістермен және бумен толтырмайды.


Бу мен қысым – кәрзеңкедегі философия

Бумен дайындау жүйесі Zepter-ден Masterpiece топтамасының ыдыс-аяғы сияқты майсыз және тұзсыз пайдалы тағам дайындау үшін арналған, азық-түліктің табиғи дәмін күшейтеді және олардың пайдалы қасиеттерін сақтайды. Zepter ыдыс-аяқ топтамаңызды Бумен дайындау жүйесімен толықтырыңыз!


 

Қысыммен дайындау энергияны 80%-ға дейін үнемдейді

Буда дайындау жүйесінде қысыммен тағам дайындауды бейнелеу

Кешенді
дайындау

Бу арнайы
тесіктер арқылы
айналады

Пайдалы қасиеттерді
барынша сақтау
Бумен пайдалы
ас дайындау
Syncro-Clik®** қақпағы
(Z-420-20)
Бумен пісіргіш-кәрзеңке    (Z-420-18C)  
Кастрюль (Z-2058)    
Бумен пісіргіш табақ     
(Z-420-18S)      

   
Судың ең биік деңгейі   
(300 мл)   

Техникалық сипаттамалары

Үйлесімділік: КАСТРЮЛЬ (Z-2058) + Syncro-Clik® (Z-420-20)
Өлшемдері:

Бумен пісіргіш-кәрзеңке: Ø 18 см. – 2.0 l – h 8.15 cm
                                          Ø 7” – 2.12 Qt – h 31/4”

Бумен пісіргіш табақ : Ø 18 см. – 2.0 l – h 8.15 cm
                                     Ø 7” – 2.12 Qt – h 31/4”

Қосымша опция: Алынатын тұтқалар
Тесіктері: 500
Ойықтары: 8


ӨНІМНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Zepter-де жасалған буда дайындауға арналған жүйе өзінің бойына қысыммен және бумен тағам дайындаудың үздік қасиеттерін жинақтаған.

Бумен Zepter-дайындаудың артықшылықтары
Бумен тағам дайындау азық-түліктердің сумен қосылуына жол бермейді, бұл тағам дайындауды неғұрлым дұрыс етеді және табиғи дәрумендер мен минералдарды сақтайды.


Тағам дайындауға пайдалы көзқарас:
  • Тағам баяу тәсілмен дайындалады
  • азық-түліктердің қоректік заттары сақталады
  • Кешендік жүйе бір уақытта бірнеше тағамдарды дайындауға мүмкіндік береді
  • Талғам күшейе түседі
  • Азық-түлік тәбетті аша түседі және дәмдірек болады
  • Мұндай тағамды жеу жақсы және пайдалы


 

  Кешенді жүйе
Кешендік жүйе

Syncro-Clik® қ қысымымен Zepter-дайындаудың артықшылықтары

Syncro-Clik® – бұл Zepter-дің арнайы құрылғысы, ол Zepter кастрюлін ерекше функциялары бар жоғары технологиялы жылдам пісіретін ыдысқа айналдырады.


Тез және сенімді технология:
  • Неғұрлым жоғары температуралар және тағам дайындаудың екі режимі
  • Тез және бірқалыпты тағам дайындау
  • Энергия мен ақшаны үнемдеу
  • Дәмділігі күшейе түседі
  • Жылу бақылаушының арқасында тамақ ешқашан күйіп кетпейді
  • Пайдалану қауіпсіздігі және қарапайымдылығы
  • Worldwide-Patended
  • SOFT or TURBO coking
  • Easy to use can be closed with only 2 fingers


Анағұрлым пайдалы тәсіл:
  • Өмірге қажетті қоректік заттар мен дәрумендер сақталады
  • Табиғи дәм мен хош иіс
  • Су, май және тұз қосудың қажеті жоқ
  • Тағам өзінің барлық пайдалы қасиеттерін сақтап қалады
  • Азық-түлік табиғи түсін сақтап қалады
  • Үйдің ішіне асүйден келетін жағымсыз иіс таралмайды


 

Жылу бақылаушы
Жылу бақылаушы

Syncro-Clik® – бұл Zepter-дің арнайы құрылғысы, ол  Zepter кстраюлін жоғары технологиялы жылдам пісіргіш ыдысқа айналдырады

Syncro-Clik®қақпағы
Syncro-Clik
(Z-420-20)
 

Буда тағам дайындау жүйесі ең жақсы нәрселерді жинақтайды

Пайдалы тәсіл:
Бумен дайындау жүйесі неғұрлым пайдалы дәмді тағамды тезірек дайындауға мүмкіндік береді. Сіздің сүйікті тағамдарыңыз ет пен балық бірнеше минут ішінде дайын болады.
Үй шаруасындағы әйелдер, аспаздар және қолы бос емес адамдар Syncro-Clik® қысымымен бумен тағам дайындаудың артықшылықтарын бағалайтын болады.

Қысыммен буда Zepter-дайындау – бұл:
  • ТЕЗ – дайындау уақытын 80%-ға қысқартады
  • ДҰРЫС – пайдалы заттарды сақтайды
  • МАЙСЫЗ – су, тұз және май қоспай
  • ҮНЕМДІ – энергияға арналған шығындарды 60% дейін үнемдейді
  • ТЕЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ – экстра-қауіпсіз қысым қақпағының арқасында


 

Буда дайындау жүйесі неғұрлым денсаулыққа пайдалы тағам дайындауға мүмкіндік береді.
 

Басына
 

ӨНІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Сипатты ерекшеліктері

Тот баспайтын болаттағы 500 астам тесіктер будың айналуына мүмкіндік береді, соның арқасында тағам тезірек дайын болады.

Z әрпінің формасындағы буға арналған арнайы тесіктер будың кәрзеңкеге енуіне мүмкіндік береді.


 
Z әрпі формасындағы буға арналған арнайы тесіктер будың кәрзеңкеге енуіне мүмкіндік береді. Арнайы ойықтар Буда дайындау жүйесіндегі элементтердің құрылуына мүмкіндік береді. Тазарту және сақтау қолайлығына арналған алынып-салынатын тұтқа.
 

 

 
Арнайы ойықтар Бумен дайындау жүйесінде элементтердің құрылуына мүмкіндік береді.
Алынатын тұтқа тазарту және сақтау ыңғайлы болу үшін.
 


 

 

Мүмкіндіктердің алуан түрлілігі

Буда дайындау жүйесі көп функционалды. Бумен дайындау жүйесін пайдалана отырып, Сіз тамаша нәтижеге қол жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдейсіз – демек, отбасылық тамақтанулардан одан сайын рахат ала түсесіз!

БУДА ДАЙЫНДАУ БҰҚТЫРУ ХОШ ИІСТІ КҮШЕЙТУ СУ МОНШАСЫ
БУДА ДАЙЫНДАУ БҰҚТЫРУ STEAM FLAVOURING BAIN-MARIE

Көкөністер Балық және құс Ет Күріш және кеспе Бұқтырылған тағамдар мен көжелер Сорпалар
Көкөністер Балық пен құс еті Ет Күріш пен кеспе Бұқтырылған тағамдар мен сорпалар Бульондар










 

Пайдаланудың көп функционалдығы

Zepter-де жасалған Masterpiece топтамасының барлық кәрзеңкелері мен буда қайнатқыштары сияқты буда дайындаудың көп функционалды жүйесі де тағам дайындауға байланысты барлық ісіңізде, жуудан бастап үстел жасауға дейін Сізге көмектесу үшін жасап шығарылған!

ЖУУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДЫҚ КЕШЕНДІК ЖҮЙЕДЕ ДАЙЫНДАУ ШАЮ САҚТАУ ЫДЫС-АЯҚТЫ ДАЯРЛАУ ЖЫЛЫТУ
ЖУУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ КЕШЕНДІК ЖҮЙЕДЕ ДАЙЫНДАУ ШАЙҚАУ САҚТАУ ЫДЫС ДАЯРЛАУ ЖЫЛЫТУ


 


 

Басына
 

SPECIAL

Рахаттаныңыз!

Бумен дайындау жүйесінің – осы қарапайым және дәмді рецептерінен бастап көптеген артықшылықтарын өзіңіз үшін ашыңыз!
Асыңыз дәмді болсын!

Тамақ талғағыш қабырғалары

Дайындық уақыты: 15 минут
Дайындау уақыты: 30 минут

8 порция


Ингредиенттер:
  • 3 ас қ. қыша
  • қалыңдығы 6 см 1,4-1,6 кг сиыр етінің қабырғалары (артық майды кесіп тастау)
  • 1/3 тостаған ұн
  • 4 сабақ кесілген порей-пиязы (тек ақ бөлігі)
  • 1/3 тостаған кесілген ақжелкен (80 мл)
  • 1 тостаған консервіленген томат пюресі
  • 1,5 тостаған көкөніс көжесі (180 мл)
  • 1/4 тостаған херес (60 мл)
  • 1 ас қ. қоңыр қант
  • 5 см кесектерге кесілген 6 сәбіз
  • тазартылған және 1-1,5 см кесектермен кесілген орташа мөлшерлі 6 картоп
  • 1/4 тостаған қаймақ (60 мл)
  • 1/4 тостаған жұмсартылған сары май (60 мл)
  • 1,5 ас қ. картоп крахмалы
  • дәміне қарай тұз
  • 1/4 ш.қ. бұрыш

Дайындау:
Буда дайындау жүйесін TF-058-20 кастрюліне қажетті су мөлшерімен салыңыз, картоп және сәбіз салыңыз, Syncro-Clik® Z-420-20 қақпағымен жабыңыз және қысыммен 2 минут дайындаңыз. Дайын тағамдарды бір жаққа қойып қойыңыз. Қабырғаларға қыша жағыңыз, содан кейін ұнға аунатып алыңыз, артығын сілкіп тастаңыз.
Буда дайындау жүйесінсіз және Syncro-Clik® Z-420-20 қақпағынсыз қызып тұрған кастрюльге қабырғаларды салыңыз және барлық жағынан алтын түске дейін қуырыңыз. Алып шығыңыз да бір жаққа қойып қойыңыз. Ақжелкен мен сарымсақты 2 минут бойы қуырыңыз. Оған томат пастасын, сорпа, херес, қоңыр қант, тұз бен бұрыш қосыңыз. Қабырғаларды салыңыз, Syncro-Clik® TF-420-20 қақпағымен жабыңыз, ең жоғары қыздыру деңгейіне қойыңыз. Қысым жоғарылаған кезде, қыздыруды азайтыңыз және 18 минут дайындаңыз. Кастрюльдегі қысымды азайтыңыз және қақпақты ашыңыз.
қабырғаларға сәбіз бен картоп қосыңыз, Syncro-Clik® Z-420-20 қақпағымен жаюыңыз. Қысым жоғарылаған кезде, қыздыруды азайтыңыз және 6 минут бойы дайындаңыз. Қысымды төмендетіңіз, қақпақты ашыңыз, тағамды даярланған ыдысқа салыңыз. Қаймақ пен майды және картоп крахмалын біртектес консистенцияға дейін араластыра отырып, тұздық дайындаңыз. Тұздықты қабырғалар дайындалған кастрюльге біртіндеп құйыңыз да, араластыра отырып, орташа отта 1 минут дайындаңыз. Тұздықты қабырғаларға және көкөніске құйыңыз.

 

 



Осы қарапайым және дәмді рецептерден бастай отырып, өзіңіз үшін Буда дайындау жүйесінің көптеген артықшылықтарын ашыңыз!

Сосиска қосылған қырыққабат-картоп көжесі

Дайындық уақыты: 15 минут
Дайындау уақыты: 30 минут

6 порция


Ингредиенттер:
  • 2,5 см кесектермен кесілген 450 г итальян тауық сосискалары немесе күрке тауық етінен жасалған сосискалар
  • 2 тостаған (180 г) ірі кесілген пияз
  • 2 ас қ. томат пастасы
  • 8 тостаған (2 л) көкөніс көжесі
  • тазартылған және 2,5 см кесектермен кесілген 1 кг картоп
  • 0,7 кг савоя қырыққабаты
  • 3 бұтақ жаңа кесілген ақжелкен
  • 1 тостаған (90 г) ұсақталған ірімшік (мысалы, пекорино романо)
  • дәміне қарай тұз
  • дәміне қарай жаңадан ұсақталған қара бұрыш
 
Қалауы бойынша: 6 тілім диқан наны
Нұсқалары: қырыққабатты басқа көкөністермен алмастыруға болады, мысалы, кесілген цикориймен немесе эскариоль салатымен.

Дайындау:
Буда дайындау жүйесін суы бар Z-2058 кастрюліне салыңыз, картоп және сәбіз салыңыз (көлемі ең жоғары ұсынылған деңгейден арта алады, өйткені қырыққабат дайындау барысында пісіп кетеді)., Syncro-Clik® Z-420-20 қақпағымен жабыңыз, ең жоғары қыздыру деңгейіне қойыңыз. Қысым жоғарылаған кезде, қыздыруды азайтыңыз және 3 минут дайындаңыз.

Бұл уақытта Zepter Z-2058 кастрюлінде кесілген сосискаларды дайындаңыз, қыздыру деңгейін орташадан жоғары белгілеңіз. Олар шыжылдай бастағанда, қыздыруды орташаға дейін азайтыңыз да, олар қызарғанға дейін араластыра отырып, 2-3 минут дайындауды жалғастырыңыз.

Пияз бен томат пастасын қосыңыз да, жиі араластырып, тағы 2 минут дайыдаңыз.

Қырыққабат пен картоп бұл уақытта дайын болуға тиіс. Қысымды азайтыңыз және кастрюльден Syncro-Clik® Z-420-20 қақпағын ашыңыз. Кастрюльдегі сосискаларға қырыққабат пен картоп, сорпа, ақжелкен, 1/3 тостаған пекорино романо ірімшігін қосыңыз. Көжені құйып, үстелге беріңіз. Қалауыңызбен әрбір тәрелкенің түбіне бір тілім нан қойып, көжені құйыңыз. Ірімшік және қара бұрыш себіңіз. Ұсақталған ірімшікті бөлек беріңіз.

 


 Буда дайындау жүйесі

Саңырауқұлақ және порей-пияз қосылған жауқазын күріші

Дайындық уақыты: 15 минут
Дайындау уақыты: 30 минут

4 порция


Ингредиенттер:
  • 3 ш.қ. су
  • 1 ш.қ. ұсақталған сарымсақ
  • жұқалап кесілген порей-пиязының 1 үлкен сабағы (ақ және жасыл бөлігі)
  • 1,5 тостаған (260 г) жуылған және кептірілген қоңыр күріш
  • 2 тостаған (500 мл) қайнаған су
  • 230 г 1-1,5 см кесекпен кесілген қозықұйрық
  • 1 сәбіз, кубикпен кесілген
  • 2 ас қ. кесілген ақжелкен (безендіру үшін)
  • 1/4 ш.қ. ұнтақталған жауқазын
  • 1/8 ш.қ. ұнтақталған бұрыш
  • тұз дәміне қарай

Дайындау:
Буда дайындау жүйесін ішінде суы бар Z-2058 кастрюліне салыңыз, оған сарымсақ пен пияз салыңыз, Syncro-Clik® Z-420-20 қақпағымен жабыңыз және 2 минут бойы дайындаңыз. Дайын өнімдерді бір жаққа алып қойыңыз.
Дәл сол кастрюлде су ысытыңыз, күріш, саңырауқұлақ, сәбіз, жауқазын және бұрыш қосыңыз. Syncro-Clik® қақпағымен жабыңыз және қысыммен 25 минут дайындаңыз. Пештен алып, 10 минуттан кейін қысымды азайтыңыз және қақпақты ашыңыз. Араластырыңыз, ақжелкенмен безендіріңіз және үстелге қойыңыз.

 


 

Буда дайындалған, лимон және шпинат қосылған балапан еті

Дайындық уақыты: 15 минут
Дайындау уақыты: 35 минут

6 – 8 порция


Ингредиенттер:
  • 3,5 тостаған (830 г) жұқалап кесілген порей-пиязы немесе шабылған түйінді пияз
  • 4 тостаған (1 л) су
  • 1,4 кг терісі алынған тауықтың жамбас еті
  • 2,5 см кесектермен кесілген балдыркөктің 3 үлкен сабағы
  • тазатылған және 2,5 см кесектермен кесілген 4 үлкен сәбіз
  • 2 үлкен лавр жапырағы
  • 1/4 шай қасық жебіршөптің кептірілген жапырағы
  • 4 тостаған (1 л) көкөніс сорпасы
  • 500-700 г жуылған және кесілген жас немесе мұздатылған шпинат
  • 1/4 тостаған кесілген жас аскөк
  • 2 лимонның жаңадан сығылған шырыны
  • дәміне қарай тұз

Дайындау:
Бумен дайындау жүйесін ішінде суы бар Z-2058 кастрюліне салыңыз, оған пияз бен шпинат салыңыз, Syncro-Clik® Z-420-20 қақпағын жабыңыз және 1 минут дайындаңыз. Дайын тағамдарды басқа жерге алып қойыңыз. Бумен дайындау жүйесін ішінде суы бар кастрюлге салыңыз, оған тауықтың жамбас етін, балдыркөк, сәбіз, лавр жапырағын, жебіршөп қосыңыз, Syncro-Clik® Z-420-20 қақпағын жабыңыз, қыздырудың ең жоғары деңгейін орнатыңыз. Қысым жоғарылаған кезде, қыздыруды азайтыңыз да, 10 минут дайындаңыз. Тағам дайын болған кезде, қысымды азайтыңыз, қақпақты ашыңыз, тауықты тәрелкеге салып алыңыз. Лимон шырынын, дәміне қарай тұз қосып үстелге қойыңыз.

 
 

Буда дайындалған, мейіз және құрма қосылған алмұрттар

Дайындық уақыты: 5 минут
Дайындау уақыты: 30 минут

4 порция


Ингредиенттер:
  • 2 азиялық алмұрттар
  • 4 ас қасық бал
  • 2 сүйегі алынған, суық суға салынып алынған және кесілген кептірілген құрма
  • 1 ас қасық мейіз
  • қалампыр немесе даршын (қалауы бойынша)

Дайындау:
Алмұрттарды жуыңыз да қағаз орамалмен сүртіп алыңыз. Алмұрттарды ұзынан екіге бөліп кесіңіз, ортасын алып тастаңыз. Ойық жерлеріне мейіз бен құрманы салыңыз және жартысына бал құйыңыз. Бумен дайындау жүйесін ішінде суы бар Z-2058 кастрюліне салыңыз, алмұрттарды кәрзеңкеге салыңыз, Syncro-Clik® Z-420-20 қақпағымен жабыңыз және буда 9 минут бойы дайындаңыз. Қақпақты ашыңыз, дайындығын тексеріңіз, қалау бойынша қалампыр немесе даршын себіңіз және жылы күйінде ұсыныңыз.

 
 

Көкөністер қосылған албырт

Дайындық уақыты: 15 минут
Дайындау уақыты: 5 минут + 15 минут

4 порция


Ингредиенттер:
  • 4 жас албырттың белдеме еті
  • 4 шалот пиязы
  • 5 см жас зімбір
  • 3 ас қасық соя тұздығы
  • 4 ас қасық қант
  • 4 ас қасық зәйтүн майы
  • 2 сәбіз
  • 4 сабақ көк пияз
  • 2 қызыл бұрыш
  • 2 сары бұрыш
  • чили қызыл бұрышы
  • 300 г ақ күріш 
  • жаңадан ұнтақталған қара бұрыш

Дайындау:
Буда дайындау жүйесін ішінде қажетті мөлшері бар суы бар Z-2058 кастрюліне салыңыз, күріш қосыңыз, Syncro-Clik® Z-420-20 қақпағымен жабыңыз да буда 10 минут пісіріңіз, содан кейін ашып, күрішті басқа жаққа қойыңыз. Туралған шалот-пиязын және балыққа арналған зімбірді салыңыз. Соя тұздығын, қантты, қара бұрышты (мөлшері дәміне қарай) және зәйтүн майын салыңыз, балықтың үстіне қоспаны құйыңыз.
Буда дайындау жүйесін ішінде суы бар кастрюльге салыңыз, балықты салыңыз, Syncro-Clik® қақпағымен жабыңыз да буда 5 минут пісіріңіз. Қызыл және сары бұрышты, сәбізді, жасыл пиязды және чилиді тураңыз. Кастрюльді ашып, балыққа туралған көкөністерді қосыңыз. Кастрюльді жауып, 15 минут пісіріңіз. Пісірілген ақ күрішпен бірге ұсыныңыз.

 
 

Басына