Сіз осынын табыласыз: НЕГІЗГІ / ӨНІМ / Zepter Home Art / Ze-presso Café / ZEP-200
Шрифт өлшемі | A | A | A

ZEP-200 ZE-PRESSO КОФЕ МАШИНАСЫ



Артикул: ZEP-200

ZEP-200 ZE-PRESSO КОФЕ МАШИНА СЫ

Капсул түріндегі кофе машиналарының жаңа буыны

Ze-Presso кофе машинасы сіздерге тамаша дайындалған итальяндық эспрессоны ұсыну үшін өзіне қарапайымдылық пен әмбебаптылық сапаларын алып, жаңа технологияларды қолданып жасалған. Ze-Presso керемет технологиясы «алдын ала талап ету» жүйесінің арқасында мол және таңдаулы кофе жұпар иісін шығаруға мүмкіндік береді. Жоғары қысыммен жоғары сапалы жаңа қуырылған ұнтақталған кофе нағыз эспрессоның бар мол хош иісі мен дәмін аша отырып, ыстық сумен қайнатылады. Керемет итальяндық дәстүрлердің тамаша кофесімен бар болғаны бір түймешікті басу арқылы ғана рахаттаныңыз. Сонша жеңіл және сонша дәмді! Ze-Presso – Сізді түсінетін кофе!

Автоматты сөндіру қызметі

Біз қоршаған ортаға ұқыпты қараймыз, сондықтан да Ze-Presso кофе машинасы электр энергиясын біршама үнемдеуді және құралдың жақсы жұмысын қамтамасыз ететін автоматты сөндіру қызметімен жабдықталған.

Ze-Presso кофе дайындау

Нағыз эспрессо ішінде капсула түзетін судың 85-90° С үйлесімді температурасы мен будың жоғары қысымында (9 бар) дайындалады. Алғашқы тамшылары кофенің тиісті температурасын ұстай отырып, дайындау үдерісі аяқталғанға дейін эспрессоның жоғарғы бөлігін қалыптастырады және 2-4 мл көбік үшін негіз болып табылады. Эспрессоның жоғарғы бөлігіндегі көбік кофе дайындау үдерісінің соңғы кезеңінде түзіледі және оның дұрыс дайындалуының көрнекі дәлелі болып табылады. Бар болғаны бірер секунд және сіз Ze-Presso café топтамасымен ұсынылған дәм мен хош иіспен байытылған өзіңіздің тамаша эспрессомен рахаттана аласыз.


Өмірдің мәні кофемен әлдеқайда тамаша!


Сіз классикалық эспрессо дәмімен рахаттана аласыз немесе соның негізінде өзіңіздің сүйікті сусындарыңызды: латте, капучино, мокко немесе маккиато әзірлей аласыз – тек қана өзінің құрамының қоюлығымен ерекшеленетін Ze-Presso Café топтамасының бес дәмінің біреуін таңдаңыз.

Ze-Presso әрбір капсуланың құрамында нағыз итальяндық эспрессоның бір бөлігін дайындау үшін тамаша көлем 6,7 г табиғи жаңа ұнтақталған жоғары сапалы кофе бар.

 
ZEP-200 ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТЫ

ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТЫ
(A) - ЖАСЫЛ түсті индикатормен кофені дайындау үдерісін іске қосу түймешігі
(B) - ҚЫЗЫЛ түсті индикатормен кофе машинасын іске қосу түймешігі
(C) - Капсула ұстағышты ашу және жабу тетігі
(D) - Капсула ұстағыш
(E) - Кофе беру шүмегі
(F) - Пайдаланылған капсулаларға арналған контейнер (сыйымдылығы 12-14 капсул)
(G) - Тостағандарға арналған тор
(H) - Тамшыға арналған тұғырық
(L) - Суға арналған сұйыққойма
(M) - Тостағандарды сақтауға арналған демеуіш

КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Кофе машинасының топтамасына кіретіндер:
  • 2 бос сарғылт капсулалар (кофе машинасын алғаш қолдану мен кейін жуу үшін міндетті).
  • 1 кофе беретін шүмекті тазалау үшін қылшақ.
  • қақты жою үшін 1 қаптама экологиялы Ze-Presso ұнтағы.

Техникалық сипаттамасы

   Өлшемдері    18,5 см х 26,5 см х 30,5 см   
   Артикул    ZEP-200
   Салмағы    4.4 кг
   Кернеуі    220-240 В ~ 50/60 Гц
   Суға арналған сұйыққойма көлемі    1 л
   Қуаты    820-980 Вт
   Сорғы қысымы    20 бар
   Автоматты сөндіру қызметі    БАР