Сіз осынын табыласыз: НЕГІЗГІ / ӨНІМ / Zepter Luxury / Philip Zepter сағаты / Philip Zepter сағаты
Шрифт өлшемі | A | A | A

PHILIP ZEPTER САҒАТЫ


PHILIP ZEPTER ЭКСКЛЮЗИВТІ САҒАТЫ
Philip Zepter эксклюзивті қол сағаты сағаты олардың уақыты сияқты құндылыққа ие адамдарға арналып жасалған.
Philip Zepter сағаты дәлдік пен сапа символы болып табылатын ел – Швейцарияда шектеулі санмен жасап шығарылады.

Philip Zepter Axiom хронографі

Philip Zepter Secret Desire

Болатан немесе 18-карат алтыннан жасалған олар сәнді, жоғары сапалы аксессуарлар болып табылады.
Швейцарияның үздік сағат шеберлерінің қол жұмысы, сондай-ақ ескірмейтін дизайн Philip Zepter сағаттарын шын мәнінде керемет етеді.
Әрбір сағат өз сағаттарын өз уақыттары сияқты бағалайтын адамдар үшін ерекшелік пен сенімділік символдары – осы айырмашылық белгілерін жасауға Philip Zepter-ді шабыттандырған өнер мен ептілікті бейнелейді.

Zepter компаниясы оны жасауға бізге Монте-Карло түндері шабыт берген эксклюзивті сағаттар топтамасын ұсынады. Көне сағат фабрикасымен ынтымақтастық жасай отырып, кәсіпкер, барлық көріністеріндегі өнердің қамқоршысы мен бағалаушысы және әуесқой сағат топтамашысы Цептер мырза сағат өнері өндірісінің осы беделді топтамасын жасады.

Бұл ынтымақтастық қағидаларды күшейте отырып, Швейцариягың сағат шеберлерін әлемдегі ең үздік шеберлер еткен қол жұмысының шыңдалған шеберлігін қолдай отырып, өндірістің дамуына, технологиялар мен стильдегі инновацияларға көмектесе отырып, көне фабрикаға жаңа леп берді. Мұнда үнемі алға асығатын уақыт өз қолтаңбасын қалдырмаған сияқты. Жинақтау және әрлеу негізінен бұрынғы ескі уақыттағы сияқты қолмен жүзеге асырылады, ол кезде шеберлердің аз мамандануы Швейцарияны сағат әлемінің орталығы етті.

Барлық сағаттар олардың жасалуына байланысты шеберлік пен кәсіпқойлықты бейнелейді. Бай дәстүрлер мен сұлулыққа деген сүйіспеншілік шеберханаларды жайлап алған. Эстетикалық мінсіздік пен мүлтіксіз сапа тамаша одақ түзейді. Әрбір сағатты жасауға жүздеген тер төгетін әрекеттер жасалады, әрбір бұйым өте мұқият өңделеді және ең қатал тексеруден өтеді.

Бұйымдар сапасын тексеру бүгінгі таңда қолжетімді көптеген құрал-саймандарды жұмылдырады және ең маңыздысы сағат шеберлерінің қырағы қадағалауы мен талап қойылатын қолдарынан өтеді. Шеберлердің мақұлдануынан кейін ғана сағаттар сатылымға түседі.
 
Philip Zepter сағаты дәлдік пен сапа символы болып табылатын ел – Швейцарияда шектеулі санмен жасап шығарылады.




Барлық сағаттар олардың жасалуына байланысты шеберлік пен кәсіпқойлықты бейнелейді.