Биоптрон
БИОПТРОН MedAll
БИОПТРОН Про 1 құралы
БИОПТРОН 2 құралы
Жоғарыполяризделген фуллеренді сүзгіштер
МедоЛайт
BIOPTRON Color Light жиынтығы
Стерильді Окси-спрей
Денсаулық туралы
Өнім артықшылығы
Өнімнің әрекеті
Мультимедиа
Пікірлер
Special
Therapy Air
Vital System
Ауыз қуысының гигиенасы
Сіз осынын табыласыз: НЕГІЗГІ / ӨНІМ / Zepter Medical / Биоптрон / Жоғарыполяризделген фуллеренді сүзгіштер
Шрифт өлшемі | A | A | A

BIOPTRON Фуллеренді сүзгіштері – C60 молекулаларының
қасиеттеріне негізделген жоғарыполяризделген жарықтың нанофотонды генераторы.

 
C60 молекуласының негізінде гиперполяризделген жарықтың нанофотонды генераторы – BIOPTRON Фуллеренді сүзгіштері 

BIOPTRON емдік жарығының гиперполяризациясы – фуллерен ретінде белгілі, C60 бірегей молекуласының көмегімен BIOPTRON жарықтық технологиясын модификациялауға мүмкіндік беретін жаңа револяюциялық функция. Астрохимия саласында басталған және Бүкіл ғаламда кеңістіктер мен аспан денелерінің туындауына талдау жасауға бағытталған жоба, табиғаттағы элементарлық көміртегінің үшінші және теңдессіз жаңа аллотроптық нысаны - ерекше C60 фуллеренін (басқа екі нысан – ол графит және алмаз) ашудың арқасында көміртекті химияның шығуына әкелді. 1996 жылы химия бойынша Нобель сыйлығын алған фуллоренді кездейсоқ ашу, нанотехнология мен наномедицинада жаңа тарау ашқан, симметриялық жаңа наноматериалдармен әлемді таныстырған көміртекті нано – құрылымдарды зерттеудің жаңа саласын құрды. Бакиболлдар (фуллерен молекулалары) деп атағандардың бірнеше көлемдері бар, және олар көміртегі атомдарының саны бойынша ерекшеленеді, бірақ неғұрлым зерттелген құрылымда 60 атомдар бар және сондықтан ол C60 деп аталды.

BIOPTRON MedAll фуллеренді сүзгіші   BIOPTRON Pro1 фуллеренді сүзгіші
Код: PAG-960-FFK
BIOPTRON MedAll фуллеренді сүзгіші
 
 
  Код: PAG-990-FFK
BIOPTRON Pro1 фуллеренді сүзгіші
 
 



C60 молекуласының ерекше қасиеттері оның бірегей және өте тиімді құрылымымен байл анысты. C60 іші қуыс (көпқырлы нысан) қаңқаны қалыптастыра отырып, бұралатын және соңында жиналатын 20 алты бұрыштан және 12 бес бұрыштан тұратын өрнек түрінде құрылған. Фуллерен – сфералық қаңқаны қалыптастыратын жеке дара бір элементті молекула. Ол сондай-ақ, корпускулярлы-толқынды дуализм байқалатын ең көлемді және қиын нысан. C60 осындай корпускулярлы-толқынды квантты дуализмды жарықтың (электрмагнитті толқын немесе бөлшек ретінде білінетін) фотондары ретінде басады. Ол ерекше тұрақты және радиобелсенділік пен химиялық коррозияға берік. Молекула электронды жақсы қабылдайды, бірақ оларды оңай жібере де алады. Фуллереннің осындай бірегей қасиеттерін зерттеу ғалымдар мен инженерлерді осындай молекулаларды қолданудың көптеген түрлері туралы ойға әкелді (мысалы, обырды емдеудің жаңа тәсілдері, өте жеңіл батареяларды жасау, күшті ракеталық отынды жасауға және т.б.).

Фуллерен молекулаларының феноменалды оптикалық қасиеттерімен және өмір биологиясы білімімен ынталанған Zepter компаниясының мамандары гиперполяризделген жарық өткізуге қабілетті фуллерендік нанофотондық сүзгішті әзірледі және патенттеді, және бұл РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ жарықтық технологиясы болып табылады.

Біздің нанофотонды сүзгіш фуллерен молекулаларындағыдай симметриямен – икосаэдралды симметриямен айқындалатын, тік желілік поляризделген жарықты жарықтың жаңа нысанына айналдыра отырып, гиперполяризделген жарықтың нанофотонды генераторы ретінде әрекет етеді.

BIOPTRON гиперполяризделген жарығы, ағзаның қорғау жүйесін нығайта отырып, жасушалардың микроциркуляциясы мен биостимуляциясына ықпал етеді. Ол өңделіп жатқан жерге ғана емес, барлық денеге оңды және ұзақ мерзімді әсер ететін қасиетке ие.