ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫ МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ САЯСАТЫ


Осы Құпиялық саясаты (бұдан әрі - Саясат) «Цептер Интернешнл» БИН 950740001426, орналасқан жері: 050000, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 140-шы үй, Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Пайдаланушы туралы, ол www.zepter.kz сайтында орналастырылған кез келген сервистерден, бағдарламалардан және өнімдерден пайдаланған кезде ала алатын барлық ақпаратқа қатысты әрекет етеді.

1. ТЕРМИНДЕРДІҢ АНЫҚТАМАСЫ

1.1. Осы Құпиялық саясатында мынандай терминдер пайдаланылады:

1.1.1. «www.zepter.kz сайтының әкімшілігі, (бұдан әрі  – Сайттың әкімшілігі)» – дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыратын және (немесе) жүзеге асыратын, сондай-ақ дербес деректерді өңдеудің мақсаттарын, өңдеуге жататын дербес деректердің құрамын, дербес деректермен жасалатын әрекеттерді (іс-қимылдарды) айқындайтын,  «Цептер Интернешнл» ЖШС атынан әрекет ететін сайтты басқаруға уәкілеттенген қызметкерлер.

1.1.2. «Дербес деректер» - белгілі бір немесе белгіленетін жеке тұлғаға (дербес деректердің субъектісі) тікелей немесе жанама түрде жататын кез келген ақпарат.

1.1.3. «Дербес деректерді өңдеу» - дербес деректермен автоматизация құралдарын пайдаланумен немесе мұндай құралдарды пайдаланбастан, оған қоса дербес деректерді жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қол жетімділік), жекелеу, блоктау, жою, жоғалту сияяқты жасалатын кез келген әрекет (іс-қимыл) немесе  әрекеттердің (іс-қимылдардың)  жиынтығы.

1.1.4. «Дербес деректердің құпиялығы» - Сайттың әкімшілігі немесе дербес деректерге қол жетімділік алған басқа да тұлғалардың, субъектінің келісімінсіз немесе басқа заңды негізсіз дербес деректерді  олардың таратуына жол бермей сақтау үшін қойылатын міндетті талабы.

1.1.5. «www.zepter.kz сайтын Пайдаланушы, (бұдан әрі  - Пайдаланушы)» – www.zepter.kz сайтына қол жетімділігі бар, Ғаламтор желісі арқылы сайтты пайдаланатын тұлға. 

1.1.6. «Cookies» — тиісті сайттың парақшасын ашуға талпынған кезде, НТТР-сұраныстағы веб-серверге веб-клиент немесе веб-браузер әрбір ретте жіберетін пайдаланушының компьютерінде сақталатын және веб-сервермен жіберілген деректердің кішігірім фрагменті (бөлігі).

1.1.7. «IP-адрес» — IP хаттамасы бойынша құрылған компьютерлік тораптағы желінің бірегей желілік мекен-жайы.

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2.1. «www.zepter.kz» сайтын пайдаланушының пайдалануы осы Құпиялық саясатпен және Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу талаптарымен оның келісетінін білдіреді.

2.2. Осы Құпиялық саясатының талаптарымен келіспеген жағдайда, Пайдаланушы  «www.zepter.kz» сайтын пайдалануды тоқтатуы керек.

2.3. Осы Құпиялық саясаты «www.zepter.kz» сайтына қатысты ғана қолданылады.  Сайттың әкімшілігі «www.zepter.kz» сайтында қол жетімді  сілтемелер бойынша Пайдаланушы өзі өте алатын үшінші тұлғалардың сайттары үшін бақылауды жүргізбейді және жауапкершілікте болмайды.


2.4. Сайттың әкімшілігі «www.zepter.kz» сайтының Пайдаланушысы берген дербес деректердің шындығын, шарттарды орындау және ғаламтор-дүкеннің тапсырыстарын орындау мақсаттарында тексеруді талап ететін жағдайлардан басқа жағдайларда,  тексермейді.

3. ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ

3.1. Осы Құпиялық саясаты «www.zepter.kz»  сайты әкімшілігінің «Live 100» клубының Мүшесі ретінде сайтта тіркелген Пайдаланушыны немесе тауарды алуға тапсырысты ресімдеу үшін Сайттың әкімшілігінің сұранысы бойынша Пайдаланушының берген дербес деректерін жария етпеу және оның  құпиялығы режімін қорғауды қамтамасыз ету бойынша   сайт әкімшілігінің міндеттемелерін белгілейді.

3.2. Осы Құпиялық саясаттың аясында өңдеуге рұқсат етілген дербес деректерді Пайдаланушы «www.zepter.kz»  сайтындағы тиісті бөлімдегі тіркеу нысанын толтыру арқылы береді, оған келесідей ақпарат кіреді:


3.2.1. Пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты;

3.2.2. Пайдаланушының байланыс телефондары;

3.2.3. Электрондық пошталық мекен-жай (e-mail);

3.2.4. Пайдаланушының тұратын жері бойынша тіркелген мекен-жайы;

3.2.5. Тауарды жеткізетін мекен-жайы.

3.3. Сайттың әкімшілігі жарнамалық блоктарды қарау және жүйенің статистикалық скриптісі («пиксель»)  орнатылған парақтарға кіру үдерісінде автоматты түрде берілетін деректерді қорғайды:

  • IP мекен-жай;
  • cookies-ден алынған ақпарат;
  • браузер туралы ақпарат (немесе жарнаманы көрсетуге қол жетімділікті жүзеге асыратын басқа бағдарлама);
  • қол жетімділік уақыты;
  • жарнамалық блок орналасқан парақшаның мекен-жайы;
  реферер (алдыңғы парақтың мекен-жайы).

3.3.1. Сookies-ді өшіру, «www.zepter.kz» сайтының  авторизация талап ететін бөлімдеріне қол жеткізудің мүмкін болмай қалуына әкелуі мүмкін.

3.3.2. Сайттың әкімшілігі өзіне кірушілердің IP-мекен-жайлары туралы статистиканы жинауды жүзеге асырады. Бұл ақпарат техникалық проблемаларды анықтау және шешу, сайт арқылы жасалатын іс-қимылдардың заңдылығын бақылау үшін пайдаланылады. 

 дербес ақпарат (сатып алу тарихы, пайдаланылған браузерлер, және іс-қимылдық жүйелер және т.б.), осы Құпиялық саясатының 5.2. және 5.3. тармақтарында қарастырылған жағдайларды есептемегенде, сенімді сақтауға және таратылмауға жатады.


4. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ДЕРБЕС АҚПАРАТЫН ЖИНАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ

4.1. «www.zepter.kz» сайтының әкімшілігі Пайдаланушының дербес деректерін мына мақсаттарда пайдалана алады:

4.1.1. «Live 100» клубының Мүшесі ретінде сайтта тіркелген Пайдаланушыны немесе Ғаламтор-дүкеннің  сатып алушысын, «Цептер Интернешнл» ЖШС ара қашықтық тәсілмен тауарды сатып алу-сату Шартын жасау және / немесе тапсырысты ресімдеу үшін сәйкестендіру.

4.1.2. Пайдаланушыға Сайттың дербестелінген ресурстарына қол жетімділікті беру, бағдарламалық қамтамасыыз ету және техникалық жаңалықтарды таратуды жүзеге асыру.

4.1.3. Пайдаланушымен кері байланысты орнату, оған кіретіндер – хабарламалар, сұраныстар, «www.zepter.kz»  сайтын пайдалану талаптарындағы немесе рәсімдеріндегі өзгерістерді хабарлау, тауарларды алу, қызметтер көрсету, Пайдаланушыдан түскен тапсырыстарды және сұраныстарды өңдеу.

4.1.4. Пайдаланушыға өткізілетін іс-шаралар, байқаулар, арнайы акциялар, жеңіп алған сыйлықтар туралы ақпарат беру.

4.1.5. Шарттар бойынша міндеттемелерді орындау үшін Пайдаланушы берген дербес деректердің шындығы мен толықтығын растау.

4.1.6. Егер Пайдаланушы есеп жүргізу жазбасын құруға келісімін берсе, сатып алулардың есебін жүргізу жазбасын құру.

4.1.7. «www.zepter.kz»  сайтының Пайдаланушысына шарттың мәртебесі мен/немесе Ғаламтор-дүкендегі Ттапсырыстың жағдайы туралы хабарлау.

4.1.8. Төлемдерді өңдеу және алу, салықты және салықтық жеңілдіктерді растау, төлемдерді даулап алу, Пайдаланушыға пайдалы сатып алу талаптарына алуға құқықты анықтау. 

4.1.9. Пайдаланушыға «www.zepter.kz» сайтын пайдаланумен байланысты проблемалар туындаған кезде, тиімді клиенттік және техникалық қолдау көрсетеді.

4.1.10. Пайдаланушыға оның келісімі бойынша «Цептер Интернешнл» ЖШС атынан немесе оның серіктестерінің атынан өнімдердің жаңартылғаны, арнайы ұсыныстар, бағалар туралы ақпарат, жаңа жөнелтпелер және басқа да мәліметтерді ұсынады.

4.1.11. Пайдаланушыға «Цептер Интернешнл» ЖШС серіктестерінің сайттары мен сервистеріне, өнімдер, жаңалықтар мен қызметтерді алу мақсатында қол жетімділік ұсынады.

5. ДЕРБЕС АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ МЕРЗІМДЕРІ

5.1. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу кез келген заңды тәсілмен,  мерзімі шектелмей, оның ішінде автоматизацияланған құралдарды пайдаланып немесе мұндай құралдарды пайдаланбастан дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылады.

5.2. Пайдаланушы дербес деректерді, Сайт әкімшілігі Пайдаланушының шарттарын орындау және Тауарды  жеткізуді қоса алғанда, «www.zepter.kz»,  сайтында ресімделген Пайдаланушының тапсырыстарын орындау мақсатында  ғана, үшінші тұлғаларға, атап айтқанда, курьерлік қызметке, пошта байланысын ұйымдастыру үшін беруге құқылы болатынымен келіседі.

5.3. Пайдаланушының дербес деректері Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасы негізі бойынша ғана және тәртібінде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің уәкілеттенген органдарына берілуі мүмкін.

5.4. Пайдаланушының дербес деректері жоғалғанда немесе жария болғанда, Сайттың әкімшілігі Пайдаланушыға дербес деректерінің жоғалғаны немесе жария болғаны туралы хабарлайды.

5.5. Сайттың әкімшілігі Пайдаланушының дербес ақпаратын құқықсыз немесе  кездейсоқ  қол жетімділіктен, жоюдан, өзгертуден, блоктаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың басқа да құқықсыз әрекеттерінен қорғау үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.

5.6. Сайттың әкімшілігі Пайдаланушымен бірге Пайдаланушының дербес деректерін жоғалту немесе жария ету салдарынан  болған шығындарды немесе басқа да кері салдарлардың алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.


6. COOKIES ФАЙЛДАРДЫ ТТРАЛЫ АҚПАРАТ

«www.zepter.kz» сайтының сервистерін ұсыну аясында,  "cookies" технологиясы пайдаланылады. cookies Файлдары – оңтайлы режімде «www.zepter.kz»     сайтының барлық мүмкіндіктерін персонализациялау және пайдалану үшін Пайдаланушының компьютерінде сақталатын үлкен емес мәтіндік файлдар. Осы файлдардың кейбірі «Цептер Интернешнл» ЖШС серверінен Пайдаланушының компьютеріне - "сеансовые cookies" беріледі.  Бұл файлдар, браузер жойылғаннан кейін, Пайдаланушының қатаң дискісінен  автоматты түрде жойылады.

«cookies»  файлдарының басқа түрлері Пайдаланушының компьютерінде қалады және келесі кірген кезде оның жүйесін тануға мүмкіндік береді -  "тұрақты cookies ".

Пайдаланушы «cookies-ден» кез келген уақытта бас тарта алады, ол үшін оларды web-парақшаларды қарау тарихынан өшіріп тастайды. Қажет жағдайда,  Пайдаланушы көптеген браузерлерде бар, мәзір жолынан анықтама қызметін пайдалана алады. Бұл кезде сайтқа кіру опциялары немесе тапсырыс құру жұмыс істемейді немесе «cookies» файлдарын сақтау қызметтерін өшірген кезде, шектеулі қол жетімділікте болады. Барлық мүмкіндіктерді пайдалану үшін, оған қоса ғаламтор дүкеннің сайтын пайдалану үшін, веб-браузердің жөндеу арқылы «cookies» файлдарын сақтау опциясын қосу керек. Пайдаланушыны сәйкестендіретін ақпаратты  «www.zepter.kz» сайтының Әкімшілігі «cookies»  файлдарының көмегімен жинай малмайды.


6.1. Google Analytics пайдалану

 «www.zepter.kz» Сайт Google Analytics - Google Inc. Компаниясы ұсынатын веб-талдау сервисін пайдаланады ( "Google"). Google Analytics веб-сайтқа Пайдаланушының кіруін талдайтын «cookies» файлдарымен жұмыс істейді. «cookies» файлдарынан алынған ақпарат, әдетте, АҚШ-тағы Google серверіне беріледі де, сонда сақталады.

Осы сайтта IP танылуы белсендірілген жағдайда,  Пайдаланушының  IP-мекен-жайы Еуропалық Одақ елдерінде немесе Еуропалық экономикалық кеңістік туралы Келісімге қатысушы басқа мемлекеттерде құпиялығы ашылады. Тек ерекше жағдайларда ғана толықтай IP-мекен-жайы  АҚШ-тағы Google серверіне беріледі, ол жерде ол қысқартылады. Осы сайттың операторы атынан Google Пайдаланушының веб-сайтты пайдалануын бағалау үшін пайдаланатын болады, сайттағы қызметі туралы есептер құрастырады және басқа да ғаламтор-қызметтер көрсететін болады. Пайдаланушының  IP-мекен-жайы  Google-дің басқа да деректерімен біріктірілетін болады.   

Пайдаланушы браузерді жөндеуді пайдалана отырып, «cookies» файлдарын сақтаудан бас тарта алады,  бірақ бұл жағдайда ол, сайттың барлық мүмкіндіктерін толықтай көлемде пайдалана алмайды.

Пайдаланушы веб-сайтқа кіргені туралы «cookies» файлдарының көмегімен алынған деректерді жинауды және осы деректерді Google  -дың көмегімен өңдеуді мынандай сілтеме бойынша: (өзінің IP-мекен-жайын қоса алып): HTTPS: / /tools.google.com/dlpage/gaoptout.  тоқтата алады. Осы   GoogleAnalytics сайтында код, " _gat._anonymizeIp ();"-ға дейін ұзартылады. Осымен IP-мекен-жайларды құпия жинау қамтамасыз етіледі  (IP-құпияланатын деп аталады).

6.2. Facebook, Odnoklassniki, VKontakte, Instagram, Google +, Twitter және басқа да желілер.

«www.zepter.kz»  сайтына facebook.com (бұдан әрі "Facebook"), ok.ru (бұдан әрі Odnoklassniki), vk.com (бұдан әрі VKontakte), instagram.com (бұдан әрі Instagram), plus.google.com (бұдан әрі Google+), twitter.com (бұдан әрі Twitter) сияқты және басқа. Әлеуметтік желілердің плагиндері интеграцияланған.  «www.zepter.kz»   сайтына кірген кезде, браузер Facebook, Odnoklassniki, VKontakte, Instagram, Google+ және басқа да платформалардың плагиндерін жүктейді,  және осылайша серверлер Пайдаланушының қазір ғана «www.zepter.kz»  сайтының веб-парақшасына кіргенін хабарлайды. Пайдаланушы  Facebook, Odnoklassniki, VKontakte, Instagram, Google + және басқалар арқылы кіргенде,  платформа осы плагинді таниды және оны Пайдаланушының Facebook, Odnoklassniki, VKontakte, Instagram, Google + және басқалардағы жеке парақшасымен қосады, ол үшін «Ұнады» «+1» басқышын басады немесе сол сияқты басқа да әлеуметтік желілердің басқышын басады, Пайдаланушының Facebook, Odnoklassniki, VKontakte, Instagram, Google + немесе басқалардағы жеке парақшасына комментарий репостысын жасайды.

Оған қоса, «www.zepter.kz»   сайтындағы Пайдаланушы қараған ақпарат, бір плагиннің басылғаны не басылмағанына қарамастан, әлеуметтік медиа-платформаға беріледі. "+1" белгісі Пайдаланушының атымен бірге және Google Plus-дегі проффиль суретімен бірге, іздестіру нәтижелерінде немесе  Google ("+1" қосымшасында) пайдаланушының профилінде, немесе Ғаламтордағы басқа сайттардың бірінде  шығуы мүмкін.


Пайдаланушының деректерін біреуге берудің және сақтаудың және оларды Facebook, Odnoklassniki, VKontakte, Instagram  мен басқа да платформаларда қараудың алдын алу мақсатында, Пайдаланушыға «www.zepter.kz» сайтына кірместен бұрын әлеуметтік желілердің аккаунттарынан шығу керек. «www.zepter.kz»  сайтының Әкімшілігі Пайдаланушыға, Facebook, Odnoklassniki, VKontakte, Instagram, Google +, Twitter  және т.б. құпиялық саясатымен, осы көрсетілген әлеуметтік желілерді қарағанда Пайдаланушылардың деректерін жинау және пайдалану туралы толық ақпаратты зерделей отырып, танысуды ұсынады.

7. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

7.1. Пайдаланушының міндеттері:

7.1.1. «www.zepter.kz»
сайтын пайдалану үшін керекті дербес деректер туралы ақпарат беру.

7.1.2. Осы ақпарат өзгертілген жағдайда, дербес деректер туралы берілген ақпаратты жаңартады, қосымша толықтырады.

7.2. Сайт әкімшілігінің міндеттері:

7.2.1. Алынған ақпаратты тек ғана осы Құпиялық саясатының 4-ші тармағында көрсетілген мақсаттар үшін ғана пайдаланады.

7.2.2. Құпия ақпараттың құпия сақталуын қамтамасыз етеді, Пайдаланушыға алдын ала жазбаша ескертпестен жарияламайды, сондай-ақ осы Құпиялық саясатының 5.2. және 5.3. тармақтарын есептемегенде, Пайдаланушының берген дербес деректерін сатуды, айырбастауды, жариялауды, не басқа да тәсілдермен жария етуді жүзеге асырмайды.

7.2.3. Пайдаланушының берген дербес деректерінің құпиялығын қорғау үшін, жасалып жүрген іскерлік айналымда осындай ақпаратты қорғау үшін қолданылатын қарапайым тәртіпке сәйкес алдын алу шараларын қабылдайды.

7.2.4. Дұрыс емес жалған дербес деректер немесе құқықсыз әрекеттер анықалған жағдайда, тексеру жүргізілген уақытта субъектінің құқығын қорғау бойынша органдар өтініш немесе сұраныс берген сәттен бастап, тиісті Пайдаланушыға жататын дербес деректерді блоктауды жүзеге асырады.

8. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

8.1. Өзінің міндеттемелерін орындамаған сайттың әкімшілігі, Осы Құпиялық Саясатының 5.2., 5.3. және 8.2.  тармақтарында қарастырылған жағдайларды есептемегенде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді құқықсыз пайдаланумен байланысты Пайдаланушыға келтірілген шығындар үшін жауапкершілікте болады.

8.2. Құпия ақпарат жоғалған немесе жарияланған жағдайда Сайт Әкімшілігі, егер сол құпия ақпарат:

8.2.1. Сол ақпарат жоғалғанға дейін немесе жарияланғанға дейін көпшілікке мәлім болса.

8.2.2. Сайт Әкімшілігі оны алған сәтке дейін үшінші тұлғалардан алынған болса.

8.2.3. Пайдаланушының келісімі бойынша жарияланса, жауапкершілікте болмайды.

9. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

9.1. «www.zepter.kz»  сайтының Пайдаланушысы мен Сайт Әкімшілігі арасындағы қарым-қатынастарда туындаған даулар бойынша талап-арызды сотқа берместен бұрын, міндетті нәрсе – алдымен наразылық білдіру болып табылады (дауды ерікті реттеу туралы жазбаша ұсыныстар жасау).

9.2. Наразалық алушы наразылықты алғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде наразылықты білдірген тарапқа наразылықты қарау нәтижелері туралы жазхбаша хабарлама береді.

9.3. Дауда келісімге қол жеткізілмеген кезде дау, Алматы қаласы Алмалы ауданының аудандық сотына қаралуға жатады (шартты соттылық).

9.4. Осы Құпиялық саясатына және Пайдаланушы мен Сайт  Әкімшілігі арасындағы қарым-қатынастарға Казахстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы қолданылады..

10. ҚОСЫМША ТАЛАПТАР

10.1. Сайт Әкімшілігі осы Құпиялық саясатына Пайдалануының келісімін алмай-ақ, «www.zepter.kz» сайтына жариялау арқылы өзгерістер енгізуге құқылы.